«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы

1. Негізгі міндеттері
Студенттік парламент негізгі міндеттері болып табылады:
1.1. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту; студенттік ұжымының басқару процестерін жандандыру;
1.2. Студенттік өзін-өзі ұйымдастыру органдарының өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
1.3. Білім беру процесінің шеңберінде студенттердің құқықтарын қорғау, студенттік мүдделерін қорғау және ұсыну;
1.4. Студенттердің белсенділігін, жауапкершілігін дамыту;
1.5 Студенттік мәселелерді қоюға және шешуге қабілетті беделді, сауатты, әлеуметтік тәжірбиелі студенттер активін құру.

2.Студенттік парламент қызметінің принциптері
Студенттік парламент өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
2.1.Шешімдерді қабылдау және олардың орындалуына жауапкершілік үшін ұжымшылдық;
2.2. Студенттер алдында парламент мүшелерінің өз қызметі туралы мерзімді есептілігі;
2.3. Пікірлер еркіндігі.

3.Студенттік парламенттің өкілеттіктері
3.1.Студенттік парламент жұмысын келесі бағыттар бойынша ұйымдастырады, үйлестіреді:
- студенттердің оқу қызметі;
- студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі;
- студенттердің мәдени-спорттық қызметі;
- студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
3.2. Студенттік парламент студенттердің тікелей мүдделерін қозғайтын әртүрлі деңгейдегі мәселелерді қарауға қатысады.
3.3. Студенттік парламент өз міндеттерін шешу үшін:
- оқу процесін ұйымдастыру және мазмұнын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары, ғылыми шығармашылықты әр түрлі конкурстарды өткізу және ұйымдастыруға көмектеседі, бастамашылық жасайды;
- студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысады;
- түрлі нысандарында студенттік бастаманы дамыту құруға жәрдемдеседі,;
- спорттық жарыстар, демалыс кештерін, көрмелер және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- Арал индустриалды-техникалық колледжі студенттердің мүдделерін қозғайтын ішкі тәртіп Ережелерін және басқа да жергілікті нормативтік актілеріне өзгерту және толықтыру бойынша, колледж директорының, колледждің педагогикалық кеңес отырысының күн тәртібіне ұсыныстар енгізеді;
- студенттердің мәселелер бойынша, олардың өміріне байланысты пікірін зерттейді.
2025 – 2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ
«ЖАЛЫН» СТУДЕНТТЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ФРАКЦИЯЛАРЫ

ТЕМІРОВ НҰРБОЛАТ

студенттер ұйымының жетекшісі

КАНГЕРЕЕВА ГҮЛНҰР

студенттер ұйымы жетекшісінің орынбасары

ҚОЖАНИЯЗОВ ЖОРАБЕК

Студенттік Парламентінің Президенті және «Қамқорлық» фракциясының жетекшісі

СЕРІКҚЫЗЫ АҚМАРЖАН

Мәдениет және өнер» фракциясының жетекшісі

ШОХМАНОВА АҚГҮЛ

«Дебат қозғалысы» фракциясының жетекшісі

САМАТОВ СЫРЫМ

«Экология және еңбек» фракциясының жетекшісі

ТЫНЫШТЫҚБАЕВА МЕРЕЙ

«Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясының жетекшісі

КЕУЛІМЖАЕВ БЕРДІБЕК

«Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының жетекшісі

ОРЫНБАСАР ДАМИР

«Ақпарат» фракциясының жетекшісі

ЕРБОЛАТҰЛЫ НҰРИСЛАМ

«Құқық және тәртіп» фракциясының жетекшісі