Құрметті сайт қонақтары!
Арал индустриалды-техникалық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Табысты кәсіп жақсы білімнен басталады және бүгін мамандық пен білім беру мекемесін дұрыс таңдау – ертең сіздің сенімді болашағыңыз!!
Бұл колледжінің ресми сайты – колледж қызметі туралы сенімді ақпарат көзі. "Директор блогы" айдары колледж басшылығына сұрақтармен, ұсыныстармен және тілектермен тікелей жүгінуге нақты мүмкіндік береді. Бұл сайт сізге жеке сипаттағы да, біздің колледж қызметіне қатысты да әртүрлі мәселелерді шешуде пайдалы болады деп сенемін!
Құрметпен, колледж директоры Айназаров Раким Утемуратович
телефон: +7(72433)2-18-57
e-mail:


Пікірлер
Ақылбек қвзы Наз
15 Сәу 2025Сәлеметсізбе Мен Секснуіл кентінде тұрамын осы коледжге басқада мамандықтар енгізілеме
Құралай
27 Қаң 2026Осы колледжде менің әпкем оқып тігінші мамандығын алған болатын. Қазір тігін шеберханасында жұмыс істеп жүр. Тігін машинасында отырудан бастап, тігіс түрлерін үйретіп, қол еңбегіне баулыған ұстаздарына дән риза. Кәсібіме жол ашып, бейінімді нақтылау үшін колледжде оқығаным дұрыс шешім болды деп те жиі айтады. Сондықтан бұл оқу орнында оқығандар жерде қалмайды.. Тек дұрыс көзқарас пен еңбектене білуі керек
Бибігүл Жаңабергенова
27 Қаң 20262018-2021 жылдары балам электромонтаждаушы біліктілігін алып шықты. Аллаға шүкір қазір жұмыс жасап, еңбегінің жемісін көруде. Ағай-апайларының бергенбілімі мен үйреткен тәрбиесі деп ойлаймын. Жоғары біліммен емес, техникалық кәсіптік білім арқылы-ақ жақсы өмір сүруде. "Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу" дегендей, балаға дұрыс бағдар бергенімнің пайдасы деп білемін.
Бибігүл Жаңабергенова
05 Ақп 2026Менің балам электргазымен дәнекерлеуші мамандығын осы колледжден оқып, бітірді. Қазір осы мамандық бойынша жұмыс жасап жүр. Баламның ынтасы мен қабілетін ескеріп, мол тәжірибе үйреткен оқытушыларына алғысым шексіз..