«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Бүгін Қазалы көлік-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Сапалы қызмет – табысты қоғам» тақырыбында өткізілген «ҮЗДІК ЫҚШАМ САБАҚ» шеберлік байқауында Арал индустриалды-техникалық колледжінің инженер-педагогтері кәсіби құзыреттілікке негізделген үздік тәжірибелерімен сынға түсті. 
ТжКББ ұйымдарының арнайы пән, өндірістік оқу шеберлері қатысқан өңірлік байқау нәтижесінде білім алушылардың функциональдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді сабақ үлгісін ұсынып, педагогикалық шеберлігі мен жаңашылдығын дәлелдегені үшін арнайы пән оқытушылары Мұратбаева Мөлдір Мұратбайқызы І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН, Ибрагимова Ляззат Альжановна ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталып, өндірістік оқу шебері Куныжанов Жеңісбек Советович СЕРТИФИКАТ иеленді. 
Марапат иелерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Мерейлі сәттеріңіз бен алар асуларыңыз көп болсын!