Үстіміздегі жылы ақпан айының 7-ші жұлдызында І жартыжылдықты қорытындылау және білім алушылар арасындағы құқықбұзушылық пен оның алдын алу, репродуктивті саулық, вейп, жасөспірімдердің заңды өкілінсіз беймезгіл жүруі, сабаққа себепсіз қатыспау, жастарды әскер қатарына шақыру мәселелері бойынша сала мамандарының қатысуымен колледжішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиынға Арал ауданы прокуратурасының прокуроры – Жанаев Рамазан Нұрбекұлы, Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының орынбасары – Балшамбаева Акгул Тугеловна, Арал АПб ҚҚб ЮПт УПИ полиция капитаны – Сұлтанбекқызы Ақерке, Жастар ресурстық орталығы маманы - Тоқтамысов Әнуар Тоқтамысұлы, Арал аудандық әскерге шақыру және әскерден тыс бөлімшесінің бастығы, майор – Дандибай Береке Усаинович, Арал АПб ҚҚб ОТЗЗҚК–тобы аға инспекторы полиция майоры – Бекмамбетов Берекет Максутович қатысты.
Жиналыста күн тәртібіндегі мәселе бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер қозғалып, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары жан-жақты қарастырылды. Сонымен бірге колледж директоры Айназаров Раким Утемуратович ішкі тәртіп пен ата-ана жауапкершілігіне қатысты біршама мәселелерге тоқталып, ана-аналар сұрағына жауап берді.
Жиналыста сала мамандары жасөспірімдер арасындағы кезек күттірмейтін мәселелер туралы баяндап, ата-аналар әркез колледжбен бірлесе отырып жұмыс атқару қажеттілігі түсіндірілді.

