«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандықтарының әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Металдан – мықтылық, еңбектен – шеберлік» атты онкүндік аясында ақпан айының 9 жұлдызында "Электргазымен дәнекерлеуші" біліктілігінің арнайы пән оқытушылары Ж.Кыркабакова мен М.Мұратбаеваның ұйымдастыруымен «VRTEX 360 виртуалды тренажерінде» тәжірибелік сайыс сабағы болып өтті. Сайысқа І, ІІ, ІІІ курс білімгерлері қатысып, олардан командалар құрылып, 3 топқа бөлінді. Тәжірибелік тапсырмалар таврлы және қабатты қосылыстарда жартылай автоматпен дәнекерлеу жіктерін технологиялық талаптарға сәйкес түсіруді қамтыды. Жүлделі І орынды Көмеков Н. ІІІ курс, Рахметов А. ІІ курс, Жандарбек И. І курс білім алушыларынан құралған команда иеленді. ІІ орынды Боранбаев Н. ІІІ курс, Қожаниязов Ж. ІІ курс, Ибрагимов Н. І курс білім алушыларынан құралған команда иеленді. ІІІ орынды Асқаров Е. ІІІ курс, Жасұланұлы Б. ІІ курс, Қарасаев Н. І курс командасы иеленді.