«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Металдан – мықтылық, еңбектен – шеберлік" атты онкүндік аясында "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" және "Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)" мамандықтарының әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман» тақырыбында мектеп оқушыларының кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Арал аудандық №62 мектеп-лицейі мен №220 орта мектебінің 9-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан №126 топтың ІІІ курс білім алушысы Т.Әбдібақыт, №132 топтың ІІ курс білім алушылары Н.Көбек пен Ж.Қожаниязов өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар әдістемелік бірлестік мүшелері Арал индустриалды-техникалық колледжінің тарихы, материалдық-техникалық базасы, білім беру бағыттары мен мамандықтардың ерекшеліктері туралы толық ақпарат беріп, таныстырылым және бейнероликтер көрсетті.
Кездесу барысында оқушылар мамандықтардың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысы және кәсіби білім алудың артықшылықтары туралы мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай іс-шаралар жастардың болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беріп, техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Кездесу соңында оқушылар мен мектеп ұстаздары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, колледжбен алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс жасауға ниетті екендіктерін жеткізді.