2026 жылғы 02 ақпанда Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Металдан – мықтылық, еңбектен – шеберлік» атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Онкүндік мақсаты: білім алушылардың білімділік қасиеттерін дамыту, мамандыққа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру дәрежесін көтеру, топпен ынтымақтаса бірігіп жұмыс жасау, өз бетінше еңбектену, ізденіс пен танымдық қабілеттерін ашуға жетекшілік ету.
Онкүндіктің ашылу салтанатында бірлестік жетекші Т.Ермағамбетов іс-шара жоспары және атқарылатын жұмыстар ретімен таныстырып, білім алушыларды белсене қатысуға шақырды. Ақпан айындағы «жасампаздық және жанашылдық» ұлттық құндылығына сәйкес бірлестік мүшелері үлкен үзілісте ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында "Асық" ойынын жаңаша тәсілмен өткізу арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттырды. Нәтижесінде жеңіске жеткен білім алушылар сыйлықтарға ие болды.


