"Металдан - мықтылық, еңбектен - шеберлік" "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" және "Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)" мамандықтарының әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен "Металдан - мықтылық, еңбектен - шеберлік" атты онкүндігі аясында "Болашақ мамандыққа алғашқы қадам" атты әлеуметтік серіктес "Арал-құрылысы" ЖШС мекемесінің өндіріс орнына білім алушыларға саяхат ұйымдастырылып, мекеме инженері Камал ағай білім алушыларды түрлі құрылысқа қолданылатын техникалармен таныстырып сипаттама берді. Сонан саң коледжіміздің дәнекерлеу шеберханасына саяхаттап бардық. Ол жерде шеберхана маманы Шарапатов Бектұрған мен өндірістік оқыту шебері Күніжанов Жеңісбек шеберхана базасымен және колледж білім алушыларының өндірістік сабақта жасаған металл бұйымдарымен таныстырып сипаттама берді. Онкүндік жоспарына сәйкес, үлкен үзілісте колледж білім алушыларының қатысуымен ойындар ұйымдастырылып, оларға сыйлықтар таратылды.

