«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Колледжішілік студенттік парламент президенті мен фракция жетекшілері сайланды

Бүгін колледж қабырғасында дауыс беру тәртібімен өткен студенттік парламент сайлауының қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде сайлауға қатысқан бес үміткер ішінен «Дәнекерлеуші» мамандығының II курс студенті Қожаниязов Жорабек басым дауыс жинап, Студенттік парламент президенті және «Қамқорлық» фракциясының жетекшісі болып сайланды.

Сайлау қорытындысы бойынша фракция жетекшілері мен орынбасарлары төмендегідей бекітілді:

«Мәдениет және өнер» фракциясының жетекшісі – Серікқызы Ақмаржан, «Тігінші» №133 топ, II курс студенті;

«Мәдениет және өнер» фракциясының орынбасары – Оразов Асхат, «Токарь» №142 топ, I курс студенті;

«Дебат қозғалысы» фракциясының жетекшісі – Шохманова Ақгүл, «Тігінші» №133 топ, II курс студенті;

«Дебат қозғалысы» фракциясының орынбасары – Сағынжанұлы Айдын, «Дәнекерлеуші» №139 топ, I курс студенті;

«Экология және еңбек» фракциясының жетекшісі – Саматов Сырым, «Құрылысшы» №131 топ, II курс студенті;

«Экология және еңбек» фракциясының орынбасары – Сайланов Ерасыл, «IT бағдарламашы» №135 топ, II курс студенті;

«Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясының жетекшісі – Тыныштықбаева Мерей, «Тігінші» №140 топ, I курс студенті;

«Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясының орынбасары – Нұрсейіт Айдана Айдосқызы, «IT бағдарламашы» №138 топ, I курс студенті;

«Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының жетекшісі – Кеулімжаев Бердібек, «Автомеханик» №134 топ, II курс студенті;

«Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының орынбасары – Құрманғазы Ақтілек «Автомеханик» №141 топ, I курс студенті;

«Ақпарат» фракциясының жетекшісі – Орынбасар Дамир, «Токарь» №142 топ, I курс студенті;

«Ақпарат» фракциясының орынбасары – Жақсылық Ақтілек, «Автомеханик» №141 топ, I курс студенті;

«Құқық және тәртіп» фракциясының жетекшісі – Ерболатұлы Нұрислам, «Автомеханик» №134 топ, II курс студенті;

«Құқық және тәртіп» фракциясының орынбасары – Сайлыбай Нұрсаид, «Автомеханик» №141 топ, I курс студенті.

Жаңа сайланған Студенттік парламент президенті мен фракция мүшелерін лауазымдарымен шын жүректен құттықтаймыз! Президент бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып, алдағы уақытта ауызбіршілікпен қызмет атқарларына тілектестік білдіреміз!