2026 жылдың 03 ақпанында Арал ауданы ТЖБ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен күндізгі мезгілде Арал индустриалды-техникалық колледж ғимаратында өрт-тактикалық сабағы өткізілді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт-тактикалық жаттығулары мен өрт-тактикалық сабақтарының кестесін бекіту туралы 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №285 бұйрығына сәйкес өткізілген сабақ барысында жеке құрам колледж жатақханасы мен шеберханаларында болып, ғимараттарға кіріп-шығу жолдарымен танысты. Сондай-ақ тігін шеберханасындағы шартты өрт оқиғасының орын алуына байланысты тактикалық жаттығу жасап, шұғыл әрекет ету іс-қимылдарын пысықтады.

