Шараның мақсаты - еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау сапасын арттыру, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бірлесіп ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау, әлеуметтік әріптестікті нығайту және студенттерді өндірістік практикаға тиімді орналастыру тетіктерін жетілдіру.
Дөңгелек үстелге колледж директоры Р. Айназаров, Арал ауданының «Мансап» орталығының мамандары, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалы, сондай - ақ «Аралтұз» АҚ, «Арал құрылысы» ЖШС, «Әділет - Сервис - 2002» ЖШС, СДО «Қарашалаң» ЖШС, ЖК «Келжанова А», «Асыл - Ай», «Ай - Аружан» тігін шеберханалары және өзге де әлеуметтік серіктес мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында:
- өңірдегі еңбек нарығының қазіргі жағдайы;
- өңірдегі жұмыс берушілер сұранысына сәйкес мамандықтар тізбесін нақтылау;
- сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлау;
- 1 - 6 ай аралығындағы қысқа мерзімді оқу бағдарламаларын іске асыру;
- колледж базасында жұмыссыз азаматтар үшін жаңа оқу топтарын ашу;
- оқыту барысында жұмыс берушілердің тікелей қатысуын қамтамасыз ету;
- оқу аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал ету.
- студенттерді өндірістік практикаға орналастыру және жұмысқа орналасу көрсеткіштерін арттыру;
- «Enbek.kz» платформасы мен НОБД интеграциясы арқылы практика мен жұмысқа орналастыру алгоритмі талқыланды.
Арал ауданының «Мансап» орталығы мен Еңбек мобильді орталығы тарапынан қысқа мерзімді оқыту арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша жедел даярлау тетіктері түсіндірілді. Бұл бағытта колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс - қимылды күшейту, оқыту мерзімін нақтылау және нәтижеге бағытталған көрсеткіштерді айқындау қажеттігі атап өтілді.
Іс - шара барысында әлеуметтік серіктестер қысқа мерзімді оқытудан өткен азаматтарды жұмысқа қабылдау мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар, Колледждің 2 және 3 курс студенттерін «Enbek.kz» платформасы мен НОБД жүйесі арқылы практикаға тіркеу, өндірістік практика орындарын бекіту, электронды келісімдер жасау және жұмысқа орналасуды мониторингтеу алгоритмі таныстырылды.
Әлеуметтік серіктестер өндірістік практика сапасын арттыру және бітіруші түлектерді тұрақты жұмысқа қабылдау мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.
Аталған дөңгелек үстел еңбек нарығы талаптарына сай, тәжірибеге бағытталған сапалы кадр даярлау мен халықты жұмыспен қамту шараларын күшейту жолын

