2026 жылғы 13 ақпанда Арал индустриалды - техникалық колледжінің білім алушылары Руханият орталығында орталық кітапханамен бірлесе отырып 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.
Мақсаты: Ауған соғысының тарихи маңызын түсіндіре отырып, сол бір тағдырлы жылдардың шындығын кейінгі ұрпаққа жеткізу және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тағлымды шараға Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған, ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен ардагер ағаларымыз: Жұқабаев Жақсыбай - Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрметті ардагері, Арал ауданының әскери ардагерлерінің төрағасы. Бисенов Серік - Аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы.
Ардагерлер: Назаров Темірхан, Әжіғұлов Зейнет, Құсайынов Асқар, Дәрібаев Амандық, Бөжеков Темірғали және мәдениет саласының ардагері Төребеков Жақсыбай ағалар қатысты.
Кездесу барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін, елге қызмет етудің маңызын айтып өтті. Олардың өмір жолы - ерлік пен табандылықтың, отансүйгіштіктің жарқын көрінісі.
Шара аясында патриоттық өлеңдер оқылып, аудандық мәдениет үйінің әншілері жігерге толы әндер орындады.
Сонымен қатар, қатысушылар назарына осы атаулы күнге арналған кітап көрмесі бойынша әдеби шолу ұсынылды.
Ардагерлермен кездесу жас ұрпақ үшін - тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор басқосу болды.

